

Челлендждің мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анаға деген құрметті арттыру және жанұядағы сыйластық пен сүйіспеншілікті дәріптеу.
Шара барысында білім алушылар өз отбасыларымен түскен әсерлі фотосуреттерін ұсынып, отбасы мүшелеріне деген ыстық ықыластары мен алғыстарын жеткізді. Әрбір суреттен татулық, мейірім мен берекелі отбасының жылуы сезілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор челлендждер жас ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді
