



“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Қамқор” жобасы аясында оқушылардың бойында табиғатқа жанашырлық пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 2 “Г” сынып оқушылары Балалар хайуанаттар бағына саяхат жасады.
Экскурсия барысында оқушылар жануарлар әлемімен танысып, олардың тіршілігі, қоректенуі және күтімі туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар балалар жануарларға қамқорлық жасаудың маңызын түсініп, табиғатты аялауға деген жауапкершіліктерін арттырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды жануарлар дүниесімен таныстырып, оларға қамқорлық көрсету арқылы мейірімділікке, жанашырлыққа және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
