


9 мамыр – Жеңіс күніне орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның білім алушылары «Батырлар аллеясына» барып, гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті.
Іс-шара барысында оқушылар ерлікпен ел қорғаған батырлардың есімін құрметпен еске алып, олардың жанқиярлық ерлігі мен Отанға деген адалдығына тағзым жасады. Бұл – жас ұрпақтың тарихи жадыны сақтауға, елін сүюге, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды.
Батырлардың ерлігі – мәңгілік үлгі, ұрпаққа аманат.
Ер есімі – ел есінде! 🌺
#ЖеңісКүні #9Мамыр #Тағзым #БатырларАллеясы #ӘлФараби21 #Тәрбие #Отансүйгіштік
