



Экскурсия барысында білім алушылар қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмір жолы, ерлігі және Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбегі туралы тың мәліметтермен танысты. Музейдегі тарихи жәдігерлер мен құнды деректер білім алушылардың ерекше қызығушылығын арттырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру, батырлар ерлігін дәріптеу және оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы оқушылардың ел тарихына деген құрметі артып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге мүмкіндік алды.
✨ Ерлік ешқашан ұмытылмайды, Жеңіс рухы мәңгі жасай бермек
