Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында оқушылар арасында «Unity Quiz» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Ойын барысында қатысушылар түрлі бағыттағы қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынға салды. Командалар арасында достық қарым-қатынас пен белсенді бәсекелестік қалыптасып, оқушылар ерекше ынтамен қатысты.

Интеллектуалдық сайыс оқушылардың жан-жақты білімін шыңдап қана қоймай, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.

✨ Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!