
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушылар арасында «Соғыссыз әлем» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бейбіт өмірге деген көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізу, мейірімділік пен татулық құндылықтарын насихаттау.
Оқушылар өз туындыларында бейбіт аспан, бақытты балалық шақ, достық пен бірлікті бейнелеп, соғыссыз әлемнің маңызын балалар көзімен көрсете білді. Әр суреттен тыныш өмірге деген сүйіспеншілік пен жарқын болашаққа деген сенім анық байқалды.
Көрме барысында үздік жұмыстар ерекше аталып өтіп, қатысушыларға алғыс білдірілді.
✨ Бейбітшілік – әр баланың арманы, әр елдің бақыты!
