Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Жеңіс күніне орай «Менің отбасымдағы батыр» тақырыбында подкаст сериясы ұйымдастырылды.

Жоба барысында оқушылар өз отбасындағы соғыс және еңбек ардагерлері туралы естеліктерімен бөлісіп, ата-бабаларының ерлігі мен өнегелі өмір жолын әңгімеледі. Подкаст арқылы жас ұрпақ тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеп қана қоймай, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты насихаттады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, батыр бабалардың ерлігін ұлықтау және патриоттық тәрбие беру.

✨ Өткенге тағзым – болашаққа өнеге!