

Сынып сағатының мақсаты – оқушылар арасында өзара құрмет, толеранттылық, достық пен ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру, әртүрлілікке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасып, берілген тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Бұл өз кезегінде олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етті.
