




Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, бірлік пен достық құндылықтарын дәріптеу, өзара сыйластық пен татулықты нығайту, сондай-ақ топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына және олардың қоғамдық құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал етті.
