













Республика Президентінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылға арналған құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі жол картасының тұжырымдамасы» аясында «Елге қызмет – ердің ісі» тақырыбында №12 сайлау округімде орналасақан Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Әңгіме барысында өмірлік және еңбек жолым туралы бөлісіп, табысқа жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын атап өтілді. Қазіргі заманда тек бір бағытпен шектелмей, жан-жақты дамудың қажеттілігіне тоқталдық. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілік – әр жастың басты қағидаты болуы керектігі айтылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Сондай-ақ ерлік, батырлық, патриотизм және еңбек тақырыптарында пікір алмасып, жастардың ой-пікірлерін тыңдау ерекше әсер қалдырды.
Кездесу еркін әрі ашық форматта өтіп, оқушыларға жаңа серпін, мотивация бергені атап өтілді.
Осындай кездесулер жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандығын таңдауда, білім алуда және өз мақсаттарына жету жолында табанды еңбек етуге үлкен ықпал етеді.
@amanat_aktobe_oblysy
@amanat_aktobe_kalasy
@aqtobeoblystyqmaslihaty
@maslihataktobe
@aktmg21
@zhanalik_ahash
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
