🏫 Гимназияда ата-аналар мен білім алушылар қатысуымен бірлескен оқу сағаты ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

👨‍👩‍👧‍👦 Оқу сағаты барысында ата-аналар балаларымен бірге сүйікті кітаптарын оқып, ой бөлісіп, әсерлерімен бөлісті. Осындай сәттер арқылы бала жүрегіне мейірім мен білім нұры себілді.

📖 Кітап – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы.
Отбасымен бірге кітап оқу – балаға берілген ең құнды сыйлықтардың бірі.

✨ Бірге оқыған әрбір кітап – жүректерді жақындатады!
#қроқуағартуминистрлігі #БалаларКітапханасы#ақтөбекітапкүні2026
#КітапханаОнкүндігі #БалаларБасылымдары #Балдырған #ОқуғаҚұштарлық