



Акцияның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және туған жердің тазалығын сақтауға баулу.
Акция аясында білім алушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинады, гүлдер егіп, аумақты көркейту жұмыстарына белсене қатысты. Сонымен қатар, «таза бейсенбілік», «таза сенбілік» шаралары ұйымдастырылып, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
