23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай, «Оқуға құштар» жобасы негізінде «Кемеңгер» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен «Кітап әлемінде» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты:
* Білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын ояту;
* Логикалық ойлау қабілетін дамытып, топпен жұмыс істеуге баулу;
* Кітапхана мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Ойын барысында білім алушылар бірнеше бекеттен өтіп, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Іс-шара соңында белсенділік танытқан білім алушылар мен жеңімпаз топтар арнайы номинациялармен марапатталды.