Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 8 класс оқушылары Өнер орталығы ғимаратында қазақ вальсінің королі, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың көрермен сүйіп айтқан әнінің шығу тарихына арналған “Сыған серенадасы” атты музыкалық қойылымын тамашалап, Филармония шығармашылық ұжымдарының өнеріне тәнті болып, жан дүниелерін рухани азықпен байытып қайтты.