



Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Бұл сапардың мақсаты – білім алушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітапхана әлеміне саяхат
Экскурсия барысында білім алушылар кітапхананың бай тарихымен танысты. Сирек кездесетін басылымдар мен заманауи әдебиеттерді тамашалап, әр кітаптың мазмұнына қысқаша шолу жасады. Кітапхана қызметкерлері оқу залының жұмысымен және кітап қорын сақтау ерекшеліктерімен бөлісті.
Шара тек танысумен шектелмей, қызықты интерактивті бөлімге ұласты:
«Жасырын кейіпкер» ойыны: Білім алушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттамасы арқылы тауып, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Әдеби викторина: Шығармалар желісі арқылы туындының авторы мен атауын анықтады.
Театрландырылған қойылым: Білім алушылар өздері таңдаған шығармалардан шағын көріністер қойып, актерлік шеберліктерін паш етті.
Белсенділік танытып, тапқырлығымен көзге түскен жеңімпаз оқушыларға арнайы кітаптар тарту етілді. Ал барлық қатысушыларға оқу процесінде пайдалы болатын естелік қаламдар үлестірілді.
Мұндай шаралар оқушылардың «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясындағы құндылықтарын бекітіп, оларды ізденімпаздыққа, білімпаздыққа жетелейді.
Кітап оқыған адамның ойы ұшқыр, болашағы жарқын!
#қроқуағартуминистрлігі #БалаларКітапханасы#ақтөбекітапкүні2026
#КітапханаОнкүндігі #БалаларБасылымдары #Балдырған #ОқуғаҚұштарлық
