🔹 Тақырыбы: «Қазіргі мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары»

Семинардың мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және психологиялық қызметтің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.

📚 Семинар барысында психологиялық қызметтің заманауи бағыттары таныстырылып, практикалық жаттығулар мен тренингтер өткізілді. Қатысушылар тиімді жұмыс әдістерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

👩‍🏫 Семинарда тәжірибе бөліскен мамандар:
– «№1 орта мектебі» КММ педагог-психологі Ж.Т. Нурмаханова
– Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының педагог-психологтары М.Т. Досова және А.Ж.Амандық

🤝 Семинар жас мамандар үшін кәсіби дамуға серпін берген маңызды алаң болды.

#психология #педагогпсихолог #әдістемеліксеминар #тәжірибеалмасу