🔹«Жастарға кеңес» жобасы аясында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бойынша 8 сәуір күні Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті.

🔹Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заңға бағыну мәдениеті және қоғамдағы тәртіптің маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Кездесуге мектеп әкімшілігі де қатысты. Спикерлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік пен саналы таңдау жасау жайында өз тәжірибелерімен бөлісті.

🔹Кездесу спикерлері:
• Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны – Искалиев Нұржан Кенжетайұлы.
• Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары – Аманжолов Ержан Қанатұлы.

🔹Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы азамат болып өсуіне бағыт береді.