Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназияда Кеңес əскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауған соғысында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Шараға құрметті қонақ ретінде “Ақтөбе облыстық Ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің” төрағасы Балқасынов Аслан Нұрқасынұлы және жауынгер-интернационалист Кариев Самат Әбенұлықатысты. Кездесу барысында ардагерлер ауған жерінде болған соғыс жайында әңгімелеп, оқушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін арттырды. Оқушылар ардагерлерге алғыс-тілектерін білдірді.



