Жиналыстың мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

Күн тәртібінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы, «Заң мен тәртіп» қағидасын түсіндіру, сондай-ақ білім алушылардың көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, құқықтық сауаттылықты арттыру және демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.