
Ақтөбе қаласының Білім бөлімі ММ-нің 2026 жылғы №107 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 4 наурыз күні Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында педагог қызметкерлерге арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және педагогтар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиналыс барысында педагог қызметкерлерге оқушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, даулы жағдайларды тек заң аясында және мектеп әкімшілігінің қатысуымен шешу қажеттігі атап өтілді.
