Шара барысында ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталып, оқушыларға Наурыз мерекесінің рухани мәні түсіндірілді.

Іс-шара аясында жарапазаншылар сыныптарды аралап, мерекелік жырлар айтып, ақжарма тілектерін жеткізді. Оқушылар ұлттық ойындарға қатысып, салт-дәстүрге байланысты көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік атмосфера мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, рухани жаңғыру идеясын насихаттау және бірлік пен татулыққа тәрбиелеу.

#NauryzDigitalAqtobe2026
#наурызнамаақтөбе2026