





Челлендж барысында оқушылар мен ұстаздар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, оның ерекшелігі мен маңызын дәріптеді. Қатысушылар әлеуметтік желілерде ұлттық нақыштағы фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялап, челлендж эстафетасын жалғастырды.
Шара аясында ұлттық киімдердің түрлері, олардың тарихы мен сәндік ерекшеліктері туралы танымдық мәліметтер беріліп, оқушылардың қызығушылығы арттырылды.
Челлендждің мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақтың дәстүрлі киімдерін жаңғырту, жас ұрпақтың мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті дәріптеу.
#NauryzDigitalAqtobe2026
#НаурызнамаАқтөбе2026
#ұлттықкиімкүні
