Акция барысында оқушылар мен ұстаздар қазақтың ұлттық өнеріне деген құрметін білдіріп, күй өнерінің тарихы мен тағылымын кеңінен насихаттады. Шара аясында дарынды білім алушылар домбырамен халық күйлерін орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, күй өнерінің майталмандары мен белгілі күйшілердің шығармалары таныстырылып, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу және рухани құндылықтарды жаңғырту болып табылады.

#күйкүмбіріақтөбе2026
#NauryzDigitalAqtobe2026
#наурызнамаақтөбе2026