Шебер-класстың мақсаты – қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері тарапынан жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне кәсіби қолдау көрсету, тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында қосымша білім беру саласының тәжірибелі педагогтері мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда музыканы және бейнелеу өнерін тиімді үйлестіру жолдарын таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер-класс қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе алаңы болып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етті.