






Ізгі дәстүрге айналған бұл күні бөлім басшысы ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жылы лебізін білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Мереке аясында ардагерлерге сый-сияпаттар табысталып, олардың ұстаздық жолдағы естеліктері мен ақыл-кеңестері тыңдалды. Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
