



Мерекелік кездесуге №74 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы арнайы келіп, қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүріне сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүрдің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы татулық пен сыйластықтың үлгісін көрсетті. Көрісу рәсімі арқылы ұжымдар арасындағы достық пен ынтымақтастық нығайып, мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
#NauryzDigitalAqtobe2026 #НаурызнамаАқтөбе2026
