Ақтөбе қаласы «Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ
Педагогтің бос лауазымына қабылдау туралы
1.⁠ ⁠Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
•⁠ ⁠Информатика пәні мұғалімі – 1 бірлік (тұрақты орын) лауазымына қабылдауға конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: ағайынды Жұбановтар 273 Б
Эл.поштасы: Mektep-21@yandex.kz
Телефон нөмірі: 8(7132) 45-70-79 2.⁠ ⁠Негізгі функционалдық міндеттері:
2.1 ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылған талаптарына сүйене отырып:
•⁠ ⁠мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
•⁠ ⁠білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
•⁠ ⁠білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе “учитель/мұғалім” тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
•⁠ ⁠білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
•⁠ ⁠пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;