Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназияда “Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында 3 “д” класында “Абай – дана, Абай – дара қазақта” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Оқушылар ұлы Абайдың өлеңдерін үш тілде оқып, қара сөздерінің мән-мағынасына терең бойлап, еңбекқор болуға баулитын “Құмырсқа мен шегіртке” мысалын талдап, “Көзімнің қарасы” әнін орындап, Абайды жан-жақты қырынан танып-білді. Шараға кітапханашы Т.Бажабай қатысып, жас оқырмандарды кітап әлемімен дос болуға шақырды.
Класс жетекшісі Байлуллина З.С.
