Шараның мақсаты – оқушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие заманауи мамандықтармен таныстыру және саналы кәсіби таңдау жасауға бағыт беру.
Шара барысында білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тиімді қарым-қатынас орната білу дағдыларын жетілдіру, жауапты шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру көзделді.
Ойын бағдарламасында
Кіріспе,
Логика,
Медиа,
Байланыс,
Тәуекел кезеңдері арқылы оқушылардың белсенділігі артып, командылық жұмыс жасау, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.