Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында 3 “А” класс оқушылары ақын әрі жазушы Ә.Табылдының әдептілік туралы шығармаларымен танысып, мазмұнын талдап, “Әдеп әліппесі” өлеңін оқыды. Шараға гимназия кітапханашысы Т.Бажабай қатысып, оқушыларға кітап оқудың пайдасы туралы айтып, кітап әлемімен дос болуға шақырды. Шараны өткізген класс жетекшісі Наванова З.Т.
