Аталған шара барысында білім алушыларға M. Narikbayev KAZGUU University туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Кездесу барысында университеттің тарихы, білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы және халықаралық серіктестіктері таныстырылды.
Оқушыларға Құқықтану, Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар, Экономика, Қаржы, Есеп және аудит, Менеджмент, Ақпараттық технологиялар және Data Science бағытындағы мамандықтардың ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар оқу үдерісінің артықшылықтары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және гранттық бағдарламалар туралы ақпарат берілді.
Сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, білім алушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Белсенділік танытқан оқушыларға тәтті сыйлықтар ұсынылды. Іс-шара барысында мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, болашаққа нақты мақсат қою және еңбек нарығында сұранысқа ие салалар жөнінде кеңінен айтылды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы білім алушылардың өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт таңдауына, болашақ мамандығын саналы түрде анықтауына ықпал етті.