Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке бостандықтың маңызын түсіндіру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жеке құқықтар мен бостандықтар, зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу әрекеттерінің құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өмірлік жағдаяттар талқыланып, өз құқықтарын қорғау жолдары мен сенім телефондары туралы ақпарат берілді.

Шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз қадір-қасиетін құрметтеуге және қауіпсіз ортада өмір сүру құқығын терең түсінуге бағытталды.