Тағылымды шараның басты мақсаты – ақын мұрасын ұлықтау, оның сыршыл жырлары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту болды.

Кеш барысында мұғалімдер мен білім алушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Әрбір қатысушы сахна төріне шығып, ақын жырларын жүрекпен жеткізе білді. Әсерлі оқылған өлеңдер мен мазмұнды сахналық көріністер көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Ақын рухына арналған бұл әдеби-поэзиялық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тағылымды мазмұнымен ерекшеленді. Шараға белсенді қатысып, өнер көрсеткен барша ұстаздар мен оқушыларға шынайы алғыс білдірілді. Олардың шығармашылық қолдауы мен белсенділігінің арқасында кеш мазмұнды да мәнді өтті.
15 нед.