Болашақ талапкерлер университеттің оқу ғимараттарын аралап, музейін тамашалап, және гистология кафедрасы зертханаларымен танысты.
Оқушылар үшін бұл сапар ерекше әсерге толы болды. Әсіресе дәрігер болуды мақсат еткен түлектер университеттің тыныс-тіршілігін көріп, өз армандарына бір қадам жақындай түсті.
Осындай кездесулер мен экскурсиялар жас талапкерлердің мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал етіп, болашаққа деген сенімін арттырып, үлкен мотивация береді.
@aqtobe_bilim_bolimi
@ospanovzkmu_priem2025