Аталған шара барысында білім алушыларға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті туралы бейнематериал көрсетіліп, оқу орны жайлы жан-жақты мәлімет берілді.

Бейнеролик арқылы университеттің тарихы, білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық байланыстары таныстырылды. Сонымен қатар агрономия, ветеринария, орман шаруашылығы, су ресурстары, агроинженерия және тағам технологиясы бағытындағы мамандықтардың ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс-шара барысында білім алушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, болашаққа жоспар құру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сай бағыт таңдауына, болашақ мамандығын саналы түрде анықтауына ықпал етті.
#адал_азамат
#оқу_ағарту_министрлігі
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi