Педагогтерді аттестаттау ҚР Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде біліктілік бағалаудан өтеді, яғни құжаттардың талаптарға сәйкестігі қаралады.

Екінші кезеңде аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңеспен бірлесіп педагогтердің портфолиосын қарайды.

Үшінші кезең – педагогтердің білімін бағалау, біліктілік тестілеу.

Аттестаттаудың барлық кезеңдерінен сәтті өткеннен кейін педагогтерге біліктілік санаты беріледі немесе расталады.

Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы әрбір аттестатталатын педагог бойынша біліктілік санатын беру, растау туралы қорытынды шешім шығарады.