






Мақсат — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру.
Осы бастама аясында өзін-өзі басқару ұйымы дайындаған «Бұл – QURMET» атты бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте қоғамдағы өзара сыйластықтың маңызы, әр адамның жеке шекарасын құрметтеу, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылды.
Шара барысында жастар арасында салауатты қарым-қатынас мәдениетін дамыту, адам қадір-қасиетін құрметтеу құндылықтарын насихаттау және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
#QURMET #ҚауіпсізОрта #ҚұқықтықСауаттылық #ЖастарТәрбиесі
