



Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және олардың білім деңгейін айқындау.
10 ақпан күні олимпиада аясында 2–4 сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен оқу сауаттылығы бағыты бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Білім алушылар мәтінді түсіну, ақпаратты талдау және ойды жүйелі жеткізу тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты.
Пәндік олимпиада оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және зияткерлік әлеуетін айқындауға ықпал етті.
#адал_азамат
#оқу_ағарту_министрлігі
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
