



Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10-сынып білім алушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны» арқылы оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру, кәсіби өзін-өзі анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, медиа сауаттылығын арттыру, тиімді қарым-қатынас орната білу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ тәуекелді бағалай отырып, жауапты шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру көзделді.
Кіріспе, Логика, Медиа, Байланыс, Тәуекел кезеңдері арқылы оқушылардың белсенділігі артып, командалық жұмыс жасау, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
#адал_азамат
#оқу_ағарту_министрлігі
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
