
«Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар» жобалары аясында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
«Мұқағали жыры – ұрпаққа мирас» атты ақын өлеңдерін жатқа айту челленджі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған челлендждің мақсаты – білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпаққа Мұқағали поэзиясының рухани-танымдық маңызын насихаттау, көркем сөзді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Челленджге білім алушылар өте жоғары белсенділікпен қатысып, ақынның жүрекке жылы, терең мағыналы өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ынтасы айқын байқалды.
Іс-шара жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке, қазақ поэзиясына деген құрметін арттыруға үлкен үлес қосты.
#адал_азамат
#оқу_ағарту_министрлігі
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
