АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖБ: Қыс мезгілінде төмен температураға байланысты газ баллондарын пайдалану ерекше сақтықты талап етеді.
Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
– газ баллондарын жақсы желдетілетін тұрғын емес үй-жайларда сақтау;
– газ баллондарының қатты салқындауына жол бермеу және оларды ашық оттың немесе жылытқыш құралдардың көмегімен қыздыруға тыйым салынады;
– пайдаланар алдында баллонның, вентильдің және шлангтардың жарамдылығын тексеру;
– газ баллондарын тік күйде, жылу көздері мен ашық оттан алыс жерде орнату;
– қосылыстардың тығыздығын сабынды ерітінді арқылы тексеру;
– газ иісі сезілген жағдайда вентильді дереу жауып, үй-жайды желдетіп, мамандандырылған қызметке хабарласу;
– өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Осы талаптарды сақтау қыс мезгілінде газ баллондарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.