



Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында мектеп базасында «Мұғалімдерді цифрлық дәуірге бейімдеу: ЖИ оқыту семинары» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және оқу үдерісін автоматтандыру мәселелері қарастырылды. Семинардың негізгі мазмұны жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлауда, дидактикалық материалдарды әзірлеуде және білім алушылардың жетістіктерін мониторингілеуде тиімді қолдануға негізделді.
Педагогикалық ұжым заманауи технологиялық трендтермен танысып, цифрлық құралдарды оқыту әдістемесіне сауатты интеграциялау дағдыларын қалыптастырды. Бұл бағыттағы жұмыстар білім сапасын жақсартуға және мұғалімдердің кәсіби әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.
