Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Бақытты ата-ана – берік отбасы: бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы құндылықтар, білім алушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыстан кейін «ашық есік» форматында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу жетістіктері, қабілеттері мен даму траекториясы туралы толық мәлімет алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланыс нығайып, бірлескен жұмыстың маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.