Ақтөбе қаласы мектептері арасында жыл сайын жүргізілетін мониторинг нәтижесі бойынша Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия Білім саласындағы жетістіктері үшін І орын иеленіп, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымынан ақшалай ынталандыру сыйлығы табысталды. Сонымен қатар, информатика пәні мұғалімі Дугаев Ерболат Маратович халықаралық деңгейде оқушыларының жетістігі үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – барша ұжымның ортақ жетістігі.
