


Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға кәсіби бағдар беру, ҰБТ-ға дайындық барысы бойынша тиімді кеңестер ұсыну, сондай-ақ түлектердің өмірлік және оқу тәжірибелерімен бөлісуі арқылы оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту.
Кездесу барысында түлектер жоғары оқу орындарына түсу кезеңіндегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалудың тиімді әдістері, уақытты дұрыс жоспарлау, пәндерді жүйелі қайталау және психологиялық дайындықтың маңыздылығы туралы нақты кеңестер берді. Сонымен қатар, тестілеу кезінде жиі кездесетін қателіктер, оларды болдырмау жолдары және емтихан алдындағы қобалжуды жеңу тәсілдері кеңінен түсіндірілді.
11-сынып білім алушылары түлектерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, грантқа түсу мүмкіндіктері, жоғары оқу орындарының талаптары мен студенттік өмірдің ерекшеліктері жөнінде құнды ақпарат алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар үшін үлкен мотивациялық әсер қалдырды.
Аталған іс-шара білім алушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және болашаққа нақты мақсат қоюына, ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыруға оң ықпал етті.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
