
Шараның мақсаты – аспан мен ғарыш тақырыбындағы әдебиеттерді насихаттау, қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегімен таныстыру.
Іс-шара барысында «Ғибратты ғұмыр» сериясымен жарық көрген С. Қабиқызының «Талғат Мұсабаев» атты ғұмырнамалық деректі хикаяты таныстырылды. Кітапта ғарышкердің балалық шағы, арман жолы, кәсіби қалыптасуы мен ғарышқа жасаған сапарлары кеңінен баяндалады. Ұшқыш болуды армандап жүрген оқушы Жұмабек Абылай аталған кітапты қызығушылықпен оқуға алды.
Сонымен қатар Ақтөбе өңірінен шыққан ғарышкерлер В.И. Пацаев пен А. Айымбетовтің өмір жолы мен ғарыш саласына қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Олардың жетістіктері жас ұрпақты ғылымға, білімге және биік мақсаттарға ұмтылуға үндейтіні айтылды.
Шара соңында оқушылар ғарыш тақырыбындағы әдебиеттермен танысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел жасөспірімдердің ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтты.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
