“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және “Ел үміті” корпоративтік қоры ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялау бастамасына сәйкес,өскелең ұрпақты еңбекке және мамандық таңдауға деген қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған “ Жаңа заман мамандықтары ” республикалық байқауына 10 А сынып білім алушысы Өтеген Бекнұр өз жұмысын ұсынып, Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды! Жетекшісі Абылаева Г.А.
Білім алушыларды қолдап,олардың дамуына жағдай жасаудағы жүйелі еңбектеріңіз үшін гимназияға Алғыс хат берілді!
Құттықтаймыз !!! Алдағы уақытта толағай табыс, биік жетістіктер және жаңа жобаларда жарқын нәтижелер тілейміз.💐🎉
@aqtobe_bilim_bolimi
@aktobe_daryn