Шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

📌 Мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық сананы нығайту және күнделікті өмірде экологиялық сауатты әрекет етуге ынталандыру.

Шара барысында спикерлер оқушылармен кездесіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму құндылықтары жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынды.

💬 Шараға қатысушы, «Eco – Madeniet» эко – волонтерлық қозғалысының жетекшісі Темірлан Жолдыбай өз пікір ортаға салды.
«Бүгінгі іс-шара – жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қоршаған ортаны қорғау – тек табиғатқа деген қамқорлық қана емес, ол қоғамның саналы дамуының көрсеткіші. Осындай бастамалар арқылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын іске асыруға нақты үлес қосамыз деп сенемін» – деді ол.