Шараға облыс көлемінен арнайы шақырылған спикерлер қатысып, оқушылармен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экоәдеттерді дамыту, тазалықтың әр адамнан басталатыны және жан дүниенің тазалығы дұрыс әдеттердің негізі екендігі жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын нығайтып, табиғатты қорғауды әр азаматтың ортақ міндеті ретінде қабылдауына ықпал ету. Бұл бастама Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталды.

Сонымен қатар гимназиядағы «Экопро» үйірмесінің мүшелері қалдықтарға екінші өмір сыйлау бағытында өз жобаларын таныстырып, тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану, күнделікті өмірде қолдану және гимназия аумағында қалдықтарды сұрыптау тәжірибелері туралы айтып, жұмыстарын қорғады.

Іс-шара қорытындысында экологиялық тәрбие – экологиялық құндылықтарды қалыптастырудың басты қадамдарының бірі екендігі атап өтіліп, қоғамда жауапты, саналы және ел болашағына бейжай қарамайтын тұлға тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi