Шараға облыс көлемінен арнайы шақырылған спикерлер – Дүйсенбаев Иса-Бек Абайұлы, облыстық «Жасыл ел» штабының менеджері және Темірлан Жолдыбай, «Eco-Madeniet» эко-волонтерлық қозғалысының негізін қалаушы қатысып, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді.

Спикерлер экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экоәдеттерді дамыту, тазалықтың әр адамнан басталатыны, сондай-ақ жан дүниенің тазалығы дұрыс әдеттердің қалыптасуына негіз болатыны жөнінде ой бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын нығайтып, табиғатты қорғауды әр азаматтың ортақ міндеті ретінде қабылдауына ықпал ету. Аталған бастама Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталды.

Сонымен қатар гимназиядағы «Экопро» үйірмесінің мүшелері қалдықтарға екінші өмір сыйлау бағытындағы жұмыстарын таныстырып, тұрмыстық қалдықтарды күнделікті өмірде пайдалану және гимназияда қалдықтарды